Сумен жабдықтау қызметін ұсынуға арналған Жария шартын бұзу туралы хабарлама!
«Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» ММ-нің 07.10.2024 жылғы № 02-31/188 бұйрығы негізінде Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының «Каспий жылу, су арнасы» МКК (әрі қарай «КЖСА» МКК) теңгерімінен Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылдарындағы су құбырлары, резервуарлар, резервуар қондырғылары, су қоймалары түріндегі мүліктер облыстық коммуналдық меншіктен Түпқараған ауданының коммуналдық меншігіне берілуіне байланысты, «КЖСА» МКК 2024 жылғы 01 қарашадан бастап Түпқараған ауданының Ақшұқыр және Сайын Шапағатов селоларын сумен жабдықтау қызметін тоқтататынын хабарлайды.
Осыған байланысты тұтынушы есеп айырысуларды салыстырып тексеруге және жеткізуші ұсынған сумен жабдықтау қызметтері үшін қарызды өтеуге міндетті. Берешегі бар тұтынушылар осы берешекті өтеуі керек. Әйтпесе, «КЖСА» МКК оны нотариаттық немесе сот тәртібімен өндіріп алу құқығын өзіне қалдырады.
Сұрақтар туындаған жағдайда Сіз мына мекен-жайға: Ақтау қаласы, 10 ш / а., 1 үй немесе тел: 8 708 641 41 23 бойынша хабарласа аласыз.
Жарияланған күні: 28 қазан 2024
Оқылған саны: 263424 сәуір 2025
ТҰТЫНУШЫЛАР НАЗАРЫНА!
Маңғыстау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының «Каспий жылу, су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің 2025 жылғы 18 сәуірдегі №32-НҚ бұйрығына сәйкес, 2025 жылдың 1 мамырынан бастап «Жылы жағажай» курорттық аймағындағы тұтынушыларға суды таратушы желілері арқылы беру қызметіне 1м3 үшін 582,02 теңге (ҚҚС-сыз) мөлшерінде тариф қолданысқа енгізілетіндігін хабарлайды.
2 сәуір 2025
ТҰТЫНУШЫЛАР НАЗАРЫНА!
27 желтоқсан 2024
Мемлекеттік аудит объектілері арасында отырыс
28 қазан 2024
Сумен жабдықтау қызметін ұсынуға арналған Жария шартын бұзу туралы хабарлама!
4 қыркүйек 2024
Ақтау қаласында «Каспий жылу, су арнасы» МКК-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтеді
3 маусым 2024
03.06.2024ж. №435 телефонхат
Магистральдық құбырда апаттық жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты 04.06.2024ж. сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін ЖАСЖШ ауыз су өшіріледі. Шектеуде: 9, 9а, 10, 11, 11а, 12, 12а, 13, 14, 15 шағын аудандар, 16 шағын аудан - 11, 36, 36/1, 36/2, 39, 40, 41, 42, 44, 73 үйлер, 17 шағын аудан - 1, 20, 21 үйлер, 33, 34, 36, 40, 38, 39 ғимараттар, 23 шағын аудан - военкомат, сауықтыру станциясы, 24 микрорайон - 14, 16, 18 үйлер, собес, ГОВД, КНБ, прокуратура, қалалық сот.
25 сәуір 2024
32а шағын ауданның 29 үйдің қасында магистральдық ауыз су құбырында апаттық жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
32а шағын ауданның 29 үйдің қасында магистральдық ауыз су құбырында апаттық жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
19 сәуір 2024
4 шағын ауданның 7 мен 9 ші үйлердің аралығында жылу желілеріндегі температуралық сынақтарды жүргізу нәтижесінде ақауды жөндеу жұмыстары жалғасуда
4 шағын ауданның 7 мен 9 ші үйлердің аралығында жылу желілеріндегі температуралық сынақтарды жүргізу нәтижесінде ақауды жөндеу жұмыстары жалғасуда.
19 сәуір 2024
1 шағын ауданның 33 үйдің алдында жылу желілеріндегі температуралық сынақтарды жүргізу нәтижесінде ақауды жөндеу жұмыстары жүргізілуде
1 шағын ауданның 33 үйдің алдында жылу желілеріндегі температуралық сынақтарды жүргізу нәтижесінде ақауды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
18 сәуір 2024
«Каспий жылу, су арнасы» МКК-ны ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің 2024 жылғы 5 сәуірдегі №30-НҚ бұйрығына сәйкес, 2024 жылдың 1 мамырынан бастап«Жылы жағажай» курорттық аймағындағы тұтынушыларға суды таратушы желілері арқылы беру қызметіне 1м3 үшін 553,50 теңге (ҚҚС-сыз) мөлшерінде тариф қолданысқа енгізілетіндігін хабарлайды.
10 сәуір 2024
27 шағын ауданның 17 үйдің және 9үйдің аралығында қазіргі таңда ауыз су мен техникалық су құбырында күрделі жөндеу жұмыстары басталуда.
10 сәуір 2024