Кәсіпорын туралы ақпарат
«Жылу, су құбырларының желілері және су бөлу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Ақтау қаласы әкімінің 1996 ж. 18 наурыздағы № 1928 шешімімен құрылды.
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы «06» маусымындағы №127 қаулысына сәйкес кәсіпорын «Каспий жылу, су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып өзгертілді.
Кәсіпорынның құрылтайшысы және мүлкінің меншік иесі Маңғыстау облысының әкімдігі болып анықталды және мемлекеттік басқару органы болып «Маңғыстау облысы энергетика және тұрғын-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі тағайындалды.
Кәсіпорын жергілікті инфрақұрылымның жылу, су шаруашылығы және кәріздік салаларында тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінде жұмыс жасайды.
Кәсіпорын өзінің негізгі қызметіне сәйкес мыналарды жүзеге асырады:
- тұрғын-үй, коммуналды-тұрмыстық және өнеркәсіптік бағыттардағы нысандарды жылумен, сумен қамтуды;
- жылумен, сумен қамтудың инженерлік желілеріне техникалық қызметтер көрсетуді;
- қайта тазаланған суды өндіру және өткізу;
- қаланың кәріздік сораптық стансалары мен тазарту құрылыстарын пайдалану және жөндеу;
- кәсіпорынның қызметіне қатысты тұрғындарға, ұйымдарға және кәсіпорындарға қызметтер көрсету.
Кәсіпорын өзінің алдында тұрған міндеттерді толықтай көлемде шешіп, тұтынушыларды жылумен, сумен және ағын суларды бөлумен қамтамасыз етіп келеді.