Кәсіпорын жергілікті инфрақұрылымның жылу, су шаруашылығы және кәріздік салаларында тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінде жұмыс жасайды

«КЖСА» МКК сайтына қош келдіңіз!

«Каспий жылу, су арнасы» МКК негізгі қызметі энергиямен жабдықтаушы ұйымнан («МАЭК-Казатомпром» ЖШС) Ақтау қаласына жылу энергиясын және судың барлық түрлерін (ауыз су, техникалық су және ыссы су) тұтынушыларға тасымалдау, сонымен бірге қаланың тұрғын үйлері мен қоғамдық ғимараттарына су бөлу болып табылады.

Хабарландыру!

«Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының «Каспий жылу, су арнасы» мемлекеттік коммуналық кәсіпорны Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңына сәйкес, кәсіпорынның 2026–2030 жылдарға арналған ұзақ мерзімді тарифтерінің бекітілуіне байланысты, 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтер келесідей өзгеріп, күшіне енетінін хабарлайды:

1.   Сарқынды суларды бұру (кәріз) қызметі бойынша – 112,37 теңге/м³ (ҚҚС-сыз);

2.   Ыстық суды таратушы желілер арқылы беру қызметі бойынша – 207,90 теңге/м³ (ҚҚС-сыз);

3.   Жылу энергиясын беру және бөлу қызметі бойынша – 1689,37 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз);

4.   Ауыз суды таратушы желілер арқылы беру қызметі бойынша – 153,12 теңге/м³ (ҚҚС-сыз);

5.   Техникалық суды таратушы желілер арқылы беру қызметі бойынша – 73,24 теңге/м³ (ҚҚС-сыз).

Кәсіпорын қызметтерін тұтынушылардан есептеулерді жаңа тарифтер негізінде жүргізуді сұраймыз.

«Каспий жылу, су арнасы» МКК Әкімшілігі

Төлемдер

Құрметті тұтынушылар, біздің қызметтерді онлайн төлей аласыз.

Kaspi.kz интернет банкинг жүйесі арқылы

homebank.kz интернет банкинг жүйесі арқылы

Жақын жерде орналасқан QIWI терминалы арқылы

myhalyk.kz интернет банкинг жүйесі арқылы